Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шуша қаласында II Жаһандық медиа форум өз жұмысын аяқтады
11:46 / 2024-07-23

Шуша қаласында «Фейк хабарларды әшкерелеу: жалған ақпаратпен күрес» тақырыбындағы II Жаһандық медиа форум өз жұмысын аяқтады.

Форумның соңғы күнінде «Жасанды интеллекттің шындыққа, БАҚ пен жалған ақпаратқа әсері: медиа сауаттылықты арттыру» және «Климаттық қозғалыс және БАҚ» тақырыптары талқыланды.

Сарапшылар технология мен фейк жаңалықтардың таралуы арасындағы байланыс, жасанды интеллекттің шындыққа әсері, жалған ақпаратпен күресуде медиа сауаттылықтың маңыздылығын сөз етті.

«Журналистика жасанды интеллектті пайдалануы мүмкін, сондықтан бұл саладағы білім маңызды», - дейді «Pakistan daily» газетінің редакторы Хамза Азхар. – Қазіргі уақытта жасанды интеллект саласындағы кодексті тек журналистер ғана жасап қоймай, БҰҰ да бұл мәселені қарастырса жақсы болар еді.

Қатысушылар жасанды интеллекттің артықшылықтары мен оны дамытудың адам дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Латвия телерадиосының продюсері Ансис Богустовс «жасыл» әлем үшін қоғамдық күн тәртібін қалыптастыруда, тиімді ақпараттық тетіктерді әзірлеуде, сондай-ақ климаттың өзгеруінің алдын алуда және оның салдарын жоюда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өтті.

Әзірбайжан бойынша СOР29 атқарушы директоры Элнур Солтанов «Жасыл әлем үшін ынтымақтастық – СOР29» тұсаукесерін өткізді.

- СOР29 күн тәртібіндегі негізгі мәселелер климатты қаржыландыру, Париж келісімінің алтыншы бабы, жоғалтулар мен зияндар қоры, жаһандық бейімделу, климаттық қаржыландырудың жаңа моделі, дейді Э. Солтанов. – Әзірбайжан ашық орта құруды мақсат етіп отыр, күн тәртібіне 14 мәселе тұр. «Жасыл» дәліздер мен су тапшылығы тақырыптары өте өзекті, өйткені климаттың өзгеруі барлық елдерге әсер етеді. 

СOР29 келесі министрлер деңгейіндегі отырысы Қытайда басталып, Шамахада жалғасады.

Өзара пікірталас пен тәжірибе алмасу алаңына айналған медиафорумның жабылу салтанатында Әзірбайжан Медианы дамыту агенттігінің директоры Ахмед Исмаилов сөз сөйледі. Оның айтуынша, іс-шаралардың негізгі тақырыбы жалған ақпаратпен күресу болса, мақсат жергілікті және халықаралық БАҚ-тың назарын аудару. Қатысушылар бірауыздан жалған ақпаратпен күресу үшін халықаралық платформа құру қажеттігін атап өтті.

 Д. Салихова, ӨзА.

Шуша, Әзірбайжан