«Шуртан» мұнай-газ кен басқармасында 49 млн долларлық инвестиция жобасы басталуда
Атаулы көлемді жобаны жүзеге асыруда толықтай шетелдік зауыттарда жасалған жабдықтар қолданылуда
Өзбекстанның Қашқадария облысында орналасқан «Шуртан» мұнай-газ қазып алу басқарма құрамындағы үш бірдей пропан - бутан қоспасын алу құрылғысын модернизациялау бойынша жалпы соммасы 49 миллон долларлық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Атаулы көлемді жобаны жүзеге асыруда Украинаның «Сумское НПО» Ресейдегі «КМПО», «НИПИ НГ ПЕТОН», «Электростандарт-прибор», Швейцариядағы «Endress + Hauser» және басқа да шетелдік зауыттарда жасалған жабдықтар импорттық негізде сатып алынады.
Қазіргі уақытта жабдықтарды дайындау жұмыстары басталған болып, бірнеше компрессорлық станцияның алмасатын ішкі бөліктері, ЗРА және КИПиА жабдықтары, төмен вольтты электр жабдықтары, сұйытылған газ сақтайтын резервуарлар, сепараторлар, зертханалық жабдықтар және басқа да жабдықтар әкелінген.
Жылына 61 мың тонна пропан - бутан қоспасын шығарушы қуатқа ие жоба осы жылдың қыркүйек айына дейін тапсырылады. Жұмыстың құрылысын, басты жобалаушысы ретінде «Муборакнефтгазмонтаж» ЖШС жүргізуде.