Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шумахердің Ferrari көлігі аукционда 18 миллион доллардан қымбат бағаға сатылды
10:56 / 2025-05-26

Аты аңызға айналған пилот Михаэль Шумахер 2001 жылғы «Формула-1» жарыстарында басқарған Ferrari болиді RM Sotheby’s аукционында 18,17 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды The New York Times.

Шумахер осы көлікпен Монако және Венгрия Гран-прилерінде жеңіске жетіп, 2001 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Бұл көлік аңызға айналған неміс спортшысы тізгіндеген «Формула-1» машиналары арасынан аукционда сатылған ең қымбат болид ретінде тарихқа енді.

Михаэль Шумахер — «Формула-1» жарыстарының 7 дүркін чемпионы және аталмыш спорт түрінің ең үздік жарысушыларының бірі саналады.

Ол 2013 жылы спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Альпі тауларында шаңғы тебу кезінде басынан ауыр жарақат алған. Қазір 56 жастағы бұрынғы спортшының отбасасы оның денсаулығы туралы мәліметтерді құпия ұстап келеді.