Шухрат Ғаниев Премьер-министрдің орынбасары қызметінде жұмыс істейді
Бұл туралы Ферғана облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізген Премьер-министр Абдулла Арипов мәлімдеді
Ферғана облысы әкімі қызметінде жұмыс істеген Шухрат Ғаниев Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің ауылшаруашылық және тамақ саласын дамыту жөніндегі орынбасары қызметіне кірісетін болды.
Бұл туралы Ферғана облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізген Премьер-министр Абдулла Арипов мәлімдеді.
Кездесуде Ш. Ғаниевтің 8 жыл ішінде облыс басшысы ретінде аймақты жан-жақты дамыту бойынша жасаған жұмысына қысқаша шолу жасалып, жаңа қызметке тағайындалуына орай оған Өзбекше тон кигізіп сәттілік айтылды.

