Шри-Ланкада президенттік және парламенттік сайлау келесі жылдың наурыз айына дейін өтеді.
«Келесі жылдың наурыз айына дейін президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылданды» деп жазады Daily Mirror ақпарат порталы.
Adaderana басылымының дүйсенбіде Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса премьер-министр Ранил Викрамасингхе қызметінен кететінін ресми түрде айтқанын хабарлады. Парламент спикері Махинда Япа Абейвардана бұған дейін Раджапакса 13 шілдеде қызметінен кететінін айтқан.
Еске салар болсақ, экономикалық дағдарыс салдарынан 9 шілде күні Шри-Ланканың бүкіл аймағын қамтыған шерулер өтті. Наразылық білдірушілер Коломбода полиция қоршауын бұзып өтіп, ел президентінің резиденциясына басып кірген болатын.
Осы жағдайдан кейін ел үіметі жұма күні коменданттық сағат жариялау арқылы сенбі күнгі шерулердің алдын алуға тырысты, бірақ адам құқықтарын қорғау топтары мен оппозициялық партиялардың қарсылығынан кейін шектеулер алынып тасталды.