Шри-Ланкада коменданттық сағат енгізілді
Шри-Ланка билігі дүйсенбі күні ел астанасы Коломбода үкіметті жақтаушылар мен қарсыластар арасында қақтығыс болған соң бүкіл елде коменданттық сағат енгізді.
The Hindustan Times басылымының дерегінше, тәртіпсіздікті басу үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолдануға мәжбүр болған.
Тәртіпсіздіктерге байланысты 80-ге жуық адам жарақат алды.
Шри-Ланкадағы жағдай ұзақ уақытқа созылған экономикалық дағдарысқа байланысты күрделі түс алды, бұл жағдай елдің 1948 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бергі ең күрделісі болды.