Шри-Ланка маңында контейнер тасушы кемеде жарылыс болды
Шри-Ланканың Коломбо портына жақын жерде 25 тонна азот қышқылы тиелген MV X-Press Pearl контейнер тасушы кемеде жарылыс болды.
Reuters ақпаратынша, жарылыс 20 мамырдан бері өртеніп жатқан кемені әскери авиация мен теңізшілер сөндіру кезінде орын алған нәтижесінде екі адам зардап шеккен.
Экипаж эвакуацияланған. Кеме жағалаудан ішкі теңізге қарай 50 миль қашықтықта қалуда. Бірақ ондағы өртті тоқтату мүмкін болмай тұр.
Бұл жағдайға Шри- Ланка Кеме қатынасы министрі Рохита Абейгунавардена «Шри-Ланкаға Голландияның арнайы рейсі өте маңызды өрт сөндіргіш құралдармен келеді деп күтілуде», - деген.