Шри-Ланка экономикалық дағдарысқа байланысты армиясын үштен біріне қысқартады
Шри-Ланка үкіметі елдегі үлкен экономикалық және қаржылық дағдарысқа байланысты ұлттық қарулы күштердің санын үштен біріне, яғни 135 мың әскерге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ел билігі 2030 жылға қарай армия санын 100 мыңға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.
Қаңтар айының басында Шри-Ланка үкіметі 2023 жылы мемлекеттік шығындарды 5 пайызға қысқартатынын мәлімдеген болатын.
Соңғы екі жылда Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан өткерді. Оған елдің валюталық қорының тапшылығына әкеліп соқтырған пандемияға байланысты шетелдік туризмнің қысқаруы себеп болған. Сыртқы қарыз алу және экономикалық дағдарыспен күреске Шри-Ланканың 51 миллиард долларды құрайтын сыртқы қарызы кедергі келтіруде.