Шотландияда пойыз рельстен шығып кетті
Шотландияның Стоунхавен қаласы маңында пойыз рельстен шығып апат болған
Шотландияның Стоунхавен қаласы маңында пойыз рельстен шығып апат болған.
Британдық көлік полициясының мәліметінше, Шотландияның Стоунхейвен қаласы маңында жүріп кележатқан пойыз рельстен шығып апат болған. Оқиға орнына шамамен 30 жедел жәрдем мен медициналық тікұшақ жіберілген.
Қазіргі уақытта көңілсіз жағдайдың не себепті орын алғаны мен оның жүк немесе жолаушылар пойызы, екендігі жөнінде нақты ақпарат айтылмаған.
«Sky News» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан біраз уақыт бұрын бұл аймақтағы теміржол байланысы қатты жауған нөсердің салдарынан тунындаған су тасқынынан үзілгені жайында баяндайды.