Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үшінші Ренессанс идеясы – уақытқа бағынбайтын мәңгілік ұстаным
14:40 / 2025-12-07

Пәкістандық жазушы Мұхаммед Аббас Ханның урду тіліндегі «Өзбекстан: Үшінші Ренессанс – келешек концепциясы» атты кітабында әлемдік деңгейдегі мемлекет және саясат қайраткері Шавкат Мирзиёев ұсынған Үшінші Ренессанс негізін қалау идеясы – адамзатты ынтымаққа шақыратын, бейбітшілік пен сұхбат мәдениетіне сүйенген ұлы өрлеу жобасы, сондай-ақ уақыт сынына бағынбайтын мәңгілік идеялардың бірі ретінде сипатталады.

Бұл еңбекке Пәкістан Премьер-министрі құрметті Мұхаммед Шахбаз Шарифтің алғысөз жазуы – Пәкістан мемлекеті мен халқының Президентіміздің идеяларына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған халықаралық бастамаларына білдірген жоғары құрметінің көрінісі.

Айта кету керек, Президент Шавкат Мирзиёевтің «Ізгілік жақсы ниеттен басталады» деген сөзі автор тарапынан кітаптың негізгі философиялық ұстыны ретінде талданған. Яғни, шынайы өзгеріс адам баласының жақсылық пен әділдікке қызмет ету ниетінен бастау алады.

Кітапта Мемлекет басшысының адамгершілікке негізделген жаңаша ойлау жүйесі кеңінен ашып көрсетілген. «Менің ойымша, – деп жазады Мұхаммед Аббас Хан, – адамзат тарихында мемлекет немесе империядан да берік бір нәрсе бар. Ол – ұлы идеялар. Олар тарих ағымын өзгертіп, болашақты қалыптастыра алатын қуатты күш. Сол ұлы идеялардың бірі – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Үшінші Ренессанс іргесін қалауға бағытталған бастамасы. Шын мәнінде, Үшінші Ренессанс идеясы – уақытқа бой бермейтін мәңгілік ұстаным. Менің көзқарасымда бұл идея адам ойының шексіз мұхитына құятын қуатты өзен секілді.

Бұл идея, тек Өзбекстанның келешегі үшін ғана емес, жаңа, үйлесімді және тиімді әлемді қалыптастырудың инновациялық моделі де бола алады», дейді кітіп авторы Мұхаммед Аббас Хан.

Атаулы кітап оқырманды терең ойға шақырады – онда Мемлекет басшысының «тарих – қабырға емес, көпір; болашақ – бәсеке алаңы емес, ынтымақтастық кеңістігі» деген тұжырымы нақты мысалдар мен өмірлік оқиғалар арқылы бейнеленген.
Еңбекте, сонымен қатар, Өзбекстанның ұлттық мемлекеттілік дәстүрінің үш мың жылдан астам тарихына қатысты маңызды деректер келтірілген.

Айта кету керек, «Өзбекстан: Үшінші Ренессанс – келешек концепциясы» атты бұл еңбек тек өзара түсіністік көзі ғана емес, Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды терең түсінудің кілті бола алады деп санаймыз.

Пәкістандық саясаткерлер мен ғылыми сарапшылардың пікірінше, Мұхаммед Аббас Хан жазған бұл кітапта көтерілген ойлар мен талдаулар Пәкістанда ғана емес, Еуропа мен басқа да елдерде жоғары бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта «Өзбекстан: Үшінші Ренессанс – келешек концепциясы» кітабы өзбек тілінде де баспаға дайындалды.

ӨзА