Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Пулат Бобожонов Өзбекстан волейбол федерациясының төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлап, Ұлттық Олимпиада комитетінде Өзбекстан волейбол федерациясының кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өткенін мәлімдеді.
Хабарда айтылуынша, Өзбекстанда волейболдан білікті спортшыларды дамыту, республикада өтетін чемпионаттардың деңгейін көтеру, ел волейбол командаларының халықаралық аренаға қатысуын жүйелі түрде ұйымдастыру, спортшылардың Олимпиада және құрлықтық ойындарға қатысуын жүзеге асыру сынды мәселе айтылған.
Сондай-ақ, жиын барысында федерацияның өткен жылдардағы атқарған жұмыстары, жіберілген қателіктер мен кемшіліктер айтылып, алдағы жоспарлар айқындалды.
Өзбекстан волейбол федерациясы атқарушы кеңесінің жаңа құрамы делегаттар назарына таныстырылды. Жиында федерация төрағалығына Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Пулат Бобожонов сайланды.