Люксембургте елді ширек ғасыр бойы басқарған Ұлы герцог Анри тақты тұңғыш ұлы Гийомға тапсырды. Осыған орай 3 қазан күні тақтан бас тарту рәсімі өтті.
Associated Press порталының хабарлауынша, 70 жастағы Анридің тақтан бас тартуы күтпеген шешім болған жоқ. Ол өткен жылы билікті ұлына тапсыратынын жариялаған еді.
43 жастағы Гийом Сандхерст корольдік әскери академиясын тәмамдағанға дейін Франция мен Швейцарияда білім алған. Ол бірнеше ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Жұбайы графиня Стефани де Ланнумен бірге 5 және 2 жастағы екі ұлын тәрбиелеп отыр.
Хабарға сәйкес, ханзаданың тәж кию рәсімі Ұлы герцог Анри тақтан ресми түрде бас тартқан соң бірден өткен. Жаңа Ұлы герцог ұлттық парламенттің 60 мүшесінің алдында Люксембург конституциясына адал болуға ант берді.
Жаңа мемлекет басшысының лауазымға келуіне орай мерекелік іс-шара 5 қазан, жексенбі күні Люксембургтегі Нотр-Дам соборында өтетін салтанатты рәсіммен аяқталады.