Шетелге шығу биометриялық төлқұжатты Бірыңғай портал арқылы алу тәртібі белгіленді
Өзбекстаннан шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжатты Бірыңғай портал «my.gov.uz» арқылы алу тәртібі белгіленді.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, азаматтар шетелге шығуға биометриялық төлқұжатын алу үшін ерікті түрде өтініш бере алады:
- Ішкі істер министрлігінің көші-қон және азаматтық актілерін тіркеу бөлімдері арқылы;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару арқылы;
- Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы.
Өтінішті беру кезінде сауалнама толтырылады, егер өтініште қате мәліметтер болса немесе құжаттар толық болмаса, өтініш берушіге кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні беріледі және қателер дұрысталмаған жағдайда өтінішті қабылданбайды.
Шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжат алу үшін азаматтар 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж салығын төлейді.
Өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде өтініштің қабылданғаны және фотосуретке түсіру мен саусақ іздерін алу үшін келу күні туралы хабарланады.
Шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжат 10 жұмыс күні ішінде беріледі.