Шетелдіктердің Өзбекстанға негізінен көліктің қай түрімен келетіні белгілі болды
Өзбекстанға туристік мақсатпен келетін шетел азаматтары негізінен көліктің қай түрімен келетіні белгілі болды.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанға туристік мақсатпен 2 019,4 шетел азаматы келген.
Олардың 311,2 адам (15,4 пайыз) әуе көлігімен, 29,1 мың адам (1,4 пайыз) темір жол көлігімен, 9,6 мың адам (0,5 пайыз) автокөлікпен келген.
Туристердің ең көп саны, яғни 1 669,4 (82,7 пайыз) жаяу келген (негізінен туыстарына қонаққа келгендер шекара бекеттерін жаяу кесіп өуде).
Еске сала кетсек, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында туристік агенттіктер, туроператорлар, брондау және басқа да осыған байланысты қызметтерінің көлемі 152,8 миллиард сумды құраған болып, туристік қызметтердің 70 пайыздан астамы Ташкент үлесіне тиесілі.