Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шетелдік туристерге арналған Өзбекстанда чартерлік пойыз іске қосылды
16:14 / 2022-10-09

Шетелдік туристер үшін Өзбекстан бойынша туристік чартерлік пойыз іске қосылды.

2022 жылдың 7-18 қазан аралығында халықаралық туризмді дамыту мақсатында Германияның Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясы мен «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы бірлесіп, «Orient Silk Road Express» атты туристік чартерлік пойызы жолға шықты.

Пойыз Алматы – Ташкент – Қамаши – Китаб – Самарқанд – Хиуа – Бұхара – Ходжент – Ташкент бағыты бойынша қозғалады.

Осынау чартерлік пойыз Франция, Нидерланды, Бельгия, АҚШ, Германия, Австрия, Ұлыбритания және Канада туристеріне қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 млн шетелдік азаматтар Өзбекстанға туристік мақсатпен келген.