Өзбекстандағы шетелдік дипломаттар Арал өңірінің экожүйесімен танысуда.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мойнақ қаласында (Арал теңізіндегі бұрынғы порт) орналасқан Өзбекстандағы шетелдік дипломатиялық корпустың бір топ өкілдері республика басшылығының Арал өңірінің экологиясын қалпына келтіру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысуда.
Шетелдік дипломаттар сексеуіл плантацияларында болып, көшет отырғызу барысымен танысты.
2018 жылдың желтоқсанында басталған Арал теңізінің құрғаған аумағында орман өсіру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес осы уақытқа дейін 1 миллион 730 мың гектар алқапқа көшет отырғызылған.
Сондай-ақ, Табиғи ресурстар, Инвестициялар, индустрия және сауда министрліктері мен БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі тарапынан Арал трагедиясының зардабын жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы презентация өтті.
Дипломатиялық корпус өкілдерінің Қарақалпақстан Республикасына сапары жалғасуда.