English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шетелдік туристердің Өзбекстанға топ болып келуіне рұқсат етілді
10:44 / 2020-09-18

1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автокөілк бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді


1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автокөілк бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді. Сонымен қатар шетелдік туристердің топ болып келуіде мақұлданған.

Республикалық арнайы комиссияның қаулысына орай, ел туризмін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында туристік компанияларға шетелдік туристерді әкелуге байланысты жеңілдіктер қарастырылған. Онда, шетелдік саяхатшыларды Өзбекстан Республикасына әкелумен айналысатын туристік компаниялар Өзбекстанда шетелдік туристер тобына (5 кісіден аз және 15 адамнан аспайтын және әртүрлі аурулар бойынша, оның ішінде Covid-19ға тапсырған теріс нәтижелі анықтамасы бар) тур ұйымдастыруынан алдын олар ПТР-ге тексеріліп, оның теріс нәтижесін алған туристерге 14 күндік карантиндік шектеулер енгізілмеуі немесе Өзбекстанға кіру кезінде ПТР, экспресс-тесттер және коронавирустық инфекцияға антигендік сынақтардан өтпеуіне рұқсат еткен.

Егерде шетелдік саяхатшыда Өзбекстанға кіру кезінде коронавирустың белгілері байқалса, онда ол өз есебінен бақылау-өткізу пунктінде коронавирус үшін ПТР, экспресс-тест немесе антиген сынағынан өтуі керек. Сондай жағдайда сынақ вирус жұқтырғанын көсретсе, турист өз есебінен карантинге жатып емделуден өтеді немесе өз еліне қайтып кетеді.