Шетелдегі өзбекстандықтар да елдің дамуы үшін дауыс беруде
Өзбекстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық және басқа өкілдіктерінің жанынан ұйымдастырылған референдум өткізу учаскелерінде де дауыс беру жалғасуда.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Новосибирск қаласындағы Бас консулдығы жанынан құрылған 35-ші референдум учаскесінде өзбекстандықтардың қарасы көп. Олар референдум процесіне белсене қатысуда.

Сайлау учаскесінде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

ӨзА