Шетелде 23 өзбекстандық азамат коронавирусқа шалдыққан және үш азамат көз жұмған
Қазіргі уақытта Өзбекстанда науқастар саны 472 кісге жеткен
Әлемдік пандемияға байланысты шекаралардың жабылуы және транспорттың тоқтауы салдарынан өз уақытында Өзбекстанға қайтуға мүмкіндігі болмай әлемнің 9 елінде қалып қойған өзбекстандықтардың қатарында 23-і вирус жұқтырып, АҚШ-та осы індеттен 3 азамат көз жұмған.
Бұл жөніде Өзбекстан СІМ-нің ақпараттық қызмет басшысы Авазбек Хожиметов мәлімдеп, қазірге дейінгі алынған ақпараттарға айқындық енгізді.
Вирус жұқтырған өзбекстандық азаматтар тіркелген елдер:
Австрия - 1
Армения - 1
АҚШ - 10
БAӘ - 1
Корея Республикасы - 1
Пәкістан - 5
Ресей - 1
Тайланд - 1
Қазақстан - 2
«Біздің дипломатиялық өкілдіктер осы азаматтармен және олардың туыстарымен үнемі байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді», деген Авазбек Хожиметов.
Қазіргі уақытта Өзбекстанда науқастар саны 472 кісге жеткен.