Shell компаниясы Өзбекстанда газды қайта өңдеуші зауыт салады
Өзбекстандық Surhan Gas Chemical Operating Company-ға тиісті бұл жобаны Shell Catalysts & Technologies компаниясы екі кезеңмен құратын болады.
Shell - ағылшын-нидерланды мұнайгаз саласы компаниясының Shell Catalysts & Technologies бөлімі Сұрхандария облысында жылдық қуаты 5 млрд кубметрді құрайтын табиғи газды қайта өңдеуші зауыт салатын болады.
Өзбекстандық Surhan Gas Chemical Operating Company-ға тиісті бұл жобаны Shell Catalysts & Technologies компаниясы екі кезеңмен құратын болады.
Онда, 1-ші кезең 2022 жылға шейін жалғасып, онда геологиялық барлау мен құдықтарды бұрғылау және кен инфрақұрылымына сай газды қайта өңдеуші зауыт салынады.
Ал, 2-кезең 2023-2025 жылға дейін жалғасып, жылына полимерлер негізінде 500 мың тонна өнім шығарушы газды-химия кешені салынады.