Шекарадан заңсыз ақша өткізбек болған азамат қолға түсті
Кеден комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан Республикасынан көрші елге қарай өту үшін «Гишткуприк» (Черняевка) шекаралық кеден бекетіне азамат А.И. есімді азама басқаруындағы «Treker» жеңіл автокөлігі белгіленген тәртіппен кедендік тексеруден өтті.
Нәтижесінде жолаушының көлік салонында кедендік декларацияда жазылмаған және ауызша сұрауда көрсетілмеген 42 780 АҚШ доллары қолма-қол шетел валютасы бар екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда айта кететін болсақ, қолданыстағы тәртіпке сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматтары мен тұрақты тұрғылықты жері бар адамдар мен азаматтығы жоқ адамдарға 100 миллион сумға балама немесе одан аспайтын сомаға шетел валютасын жолаушы кедендік декларациясында көрсетіп еркін алып шығуға рұқсат берілген.