Өзбекстанда шекара бекетінен алдын ала тапсырыс берілген кезек бойынша жылдам өту механизмі енгізеді.
«Азаматтардың мемлекеттік шекара арқылы өтуін және олардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізуін одан әрі жеңілдету туралы» Министрлер Кабинетінің қаулысының жобасы жарияланды.
Жоба азаматтардың мемлекеттік шекара арқылы өтуін және олардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізуін цифрландыруға бағытталған болып, оған кететін уақытты қысқарту және азаматтарға қолайлылық жасау, шекаралық бақылау бекеттерін жылдам кесіп өту тетігін қоса алғанда, онлайн тапсырыс беру тетіктерін практикаға енгізу мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасымен тасымалдаушылар және жеке тұлғалар үшін шекаралық өткізу пункттерінде тіркеу процесін одан әрі жеделдету, олардың шекарадан өту уақытын қысқарту және кептелістің алдын алу мақсатында «Электрондық кезек» және «Fast-track» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері құрылуда.
Сондай-ақ дамыған елдердің озық тәжірибесін зерделеу арқылы азаматтарға қолайлылық жасау мақсатында алдын ала тапсырыс берілген кезек негізінде шекаралық бақылау бекеттерінен жылдам өту тетігі енгізілуде.
Қаулы жобасының қабылданған жағадйда мынадай қолайлықтар енгізіледі:
жеке тұлғалар мен тасымалдаушылар үшін құрылған электронды кезек негізінде шекаралық өткізу пункттеріндегі кептеліс жойылады;
жоспарлы кезек негізінде өткізу пункттері арқылы өту мүмкіндігі елдің туристік, сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді;
кедендік өту рәсімдерінің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Өзбекстан кедендік аумағына әкелінетін және Өзбекстан аумағы арқылы тасымалданатын шетелдік тауарларды кедендік бақылау мен ресімдеуге кететін уақыт қысқарады.