«Шахтёр» Чемпиондар лигасының өз алаңындағы матчтарын Гамбургте өткізеді
Украинаның «Шахтёр» клубы Чемпиондар лигасы аясындағы өз алаңындағы матчтарын Германияның Гамбург қаласында өткізетінін хабарлады.
Осыған орай алдағы уақытта команданың матчтарын 51 мың жанкүйерге арналған «Volksparkstadion» алаңы қабылдайды.
«Шахтёр» клубы Чемпиондар лигасын топтық кезеңнен бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 31 тамызда Монакода өтеді.