Шахмат: Торонто турнирінде Нодирбек Абдусатторов 3-орынға ие болды
Канаданың Торонто қаласында шахматтан «Champions Chess Tour Finals 2023» турнирі жалғасуда.
Жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста өзбекстандық шахматшы Нодирбек Абдусатторов 3-орынға ие болды.
Әлемнің ең мықты сегіз гроссмейстері қатарынан көріндген Абдусатторов жартылай финалда америкалық Уэсли Соға қарсы соңғы кездесуін өткізіп, кездесудің 1-ші раундында жеңіске жетті. 2-ші раундта 2,5:1,5 есебімен ұтылып, шешуші кездесу болған 3-ші раундта жеңіліп, халықаралық турнирді 3-орынмен аяқтады.

Жартылай финалдың екінші жұбындағы Магнус Карлсен мен Фабиано Каруана арасындағы кездесуде Карлсеннің жолы болды.
Енді Карлсен мен Со финалдық бәсекеде бас сыынамақ. Нодирбек Абдусатторов пен Фабиано Каруана «Champions Chess Tour Finals» турнирін 3-ші орынмен аяқтап, 50 мың АҚШ доллар сыйақыға ие болды.
