Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шахмат олимпиадасы: Өзбекстан құрамасы чемпион болды
17:10 / 2022-08-09

Үндістанның Ченнай қаласында өткен шахматтан 44-ші олимпиада ойындарында Өзбекстан ерлер құрамасы чемпион атанды.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының соңғы 11 турында Өзбекстан құрамасы Нидерландыны жеңіп, турнир жеңімпазы болды.

Бүгінгі кездесулерде Нодирбек Якуббоев (2620), Нодирбек Абдусатторов (2688) және Джавахир Синдоров (2629) өз қарсыластарымен тең нәтиже көрсетті. Шешуші кездесуде 27 жастағы тәжірибелі Джахангир Вахидов (2564) 20 жастағы Макс Уормердамды (2610) ұтып, жалпы есеппен 2,5-1,5 ұпайды қамтамасыз етті.

Бұл нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасы 19 ұпаймен турнир кестесіндегі бірінші орынды сақтап қалды – басты қарсылас Армения құрамасы да Испания өкілдерін ұтып, ұпай санын 19-ға жеткізгенімен, қосымша көрсеткіштердің арқасында екінші орынға жайғасты.

Осылайша Өзбекстан ерлер құрамасы 188 команда қатысқан шахматтан 44-ші олимпиада ойындары тарихында алғаш рет чемпион атанып, алтын медалға ие болды.

Айта кету керек, Өзбекстан құрамасы осы олимпиадада бір рет те жеңілмеген жалғыз команда болды.