English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шахмат олимпиадасы: Өзбекстан құрамасы бірінші орынға шықты
08:20 / 2022-08-08

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат 44-ші олимпиада ойындарының тоғызыншы туры аяқталды.

Онда Өзбекстан ерлер құрамасы турнир барысында жеңіліс білмей кележатқан Армения құрамасын жеңіп, турнирде бірінші орынға шықты. 

7 тамыз күні өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталып, құрама сапындағы Джавахир Синдоров пен Джахангир Вахидов қарсыластарынан басым түссе, Нодирбек Ёкуббоев пен Нодирбек Абдусаттаров тең нәтиже көрсеткен.

Осылайша Өзбекстан құрамасы ұпай санын 16-ға жеткізіп, 188 командалық турнир кестесінде көшбасшы атанды. 

Қазірге Өзбекстан ерлер құрамасы турнир басталғалы жеңілген жоқ. 

Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат 44-ші олимпиада ойындарының аяқталуына екі тур қалды. Турнир 10 тамызда аяқталады.