Шахмат: Нодирбек Абдусатторов Лондонда жеңіске жетті
4 желтоқсан күні Лондондағы Emirates Stadium кешенінде шахматтан London Chess Classic 2025 турнирінің 8-тур ойындары аяқталды.
Жүлде қоры 50 мың фунт стерлинг болатын бұл беделді жарыста әлемнің ең мықты шахматшылары қатарында бас жүлде үшін бақ сынаған өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусатторов мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Ол 8-турда турнирдің бірінші нөмірлі шахматшысы, Франция атынан өнер көрсетіп жүрген Алиреза Фирузжамен тең ойнап, 8 мүмкіндіктен 7 ұпай жинап, мәреге бір тур қалғанда-ақ жеңіске жетті.
Фирузжа 5 ұпаймен екінші орында тұр.
Енді өзбекстандық шахматшы турни рдің соңғы турында украиналық гроссмейстер Павел Эльяновқа қарсы ойнайды.