Шахмат: Нодирбек Абдусаттаров «ChessKid» турнирінің жеңімпазы атанды
Өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусатторов жүлде қоры 235 мың АҚШ долларын құрайтын «ChessKid» онлайн-турниріне қатысуын сәтті аяқтады.
Нодирбек жарыстың жоғарғы– 1-дивизиондағы барлық қарсыластарын жеңіп, гранд-финалдағы шешуші ойында америкалық Фабиано Каруанаға қарсы ойнады.
Қызықты өткен кездесуде Абдусаттаров 30 жастағы америкалық қарсыласын жеңіп, турнирдің абсолютті чемпионы атанды.
Еске салар болсақ, Нодирбек «ChessKid» турнирінің бірінші айналымында француз Жюль Моссарды 2,5 - 0,5, есебімен ұтып, жартылай финалда да Каруананы 2,5 - 1,5 есебінде жеңді және гранд-финалға шығар жолда голландиялық Жорден ван Форесті 2,5 - 1,5 есебімен ұтқан еді.