Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шахбаз Шариф Пәкістанның премьер-министрі болып сайланды
09:31 / 2022-04-12

«Пәкістан Мұсылман лигасы» партиясының жетекшісі Шахбаз Шариф Пәкістанның 23-ші премьер-министрі болып сайланды.

Дауыс беру дүйсенбі, 11 сәуірде Ұлттық ассамблеяда (парламенттің төменгі палатасы) өтті. Оппозициялық блоктың кандидатын қолдап 174 депутат дауыс берген.

Бұған дейін Пәкістанның үш мәрте премьер-министрі болған Наваз Шарифтің 70 жастағы інісі Шахбаз Шарифті жексенбі күні оппозициялық партиялар премьер-министр қызметіне ұсынған болатын.

Жексенбі күні Пәкістан парламенті премьер-министр Имран Ханға сенімсіздік білдіріп, оны қызметінен босатты.