Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шаңхайда локдаунның екінші кезеңі басталды
13:04 / 2022-04-02

Жұма күні Шанхайда COVID-19 жағдайына байланысты енгізілген локдаунның екінші кезеңі басталды.

Associated Press басылымының дерегінше, алдағы тқрт күн бойы Шанхайдың Хуанпу өзенінің батысында жатқан бөлігі қатаң карантинде болады. Сонымен бірге, дүйсенбіден бері оқшауланған өзеннің шығысындағы аудандардың тұрғындарына, егер олардың тұрғын аудандарында коронавирус жағдайлары анықталса, қаланың өз бөлігіндегі шектеулер ұзартылуы мүмкін.

Локдаунның екінші кезеңінде 16 миллионға жуық қала тұрғынын тесттен өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Шанхайдың батыс бөлігінде тұратын азаматтар төрт күн бойы тұрғын аудандары мен кварталдарынан шыға алмайды.

Бейсенбіде Шанхайда коронавирустық инфекцияның симптомсыз 4100-ге жуық жағдайы және аурудың белгілерін көрсеткен 358 жағдай анықталған.

Локдаунның әсері ел өндірісіне әсер еткен. Қытайдың өндірістік белсенділігі наурыз айында бес айдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендегені айтылған хабарламада.