Қазақстандық UFC шебері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жекте кіммен кездескісі келетінін айтты.
«Келесі қарсылас кім болатыны маған маңызды емес. Мен шайқасқа дайынмын. Маған барлық жерде ыңғайлы. Өзімнің жеңісті сериямды жалғастырғым келеді жанкүйерлерімді қуанту үшін. UFC маған оңай қарсыластар бермейтіні анық. Өйткені мен екі қиын жекпе-жекті сәтті өткіздім. Мен үздік 15-тік немесе үздік 10-тағы біреумен кездесуге дайынмын. Енді ғана бұл ортаға келгендер маған қызық емес.
Келесі қарсылас кім болатыны жайлы бапкерлерім, команда мүшелерімен ақылдассып шешім қабылдамаймын. Алдымен үйге оралам, талқылаймыз және кімге қоңырау шалу керектігін шешеміз», деген Шавкат Рахмонов MMAJunkie порталына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Рахмонов UFC Vegas 30 турнирі аясында бразилиялық Мишель Празересті жеңіп, UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгінге дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.