Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Тәжікстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына келді.
Әуежайда мемлекет басшысын Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кахир Расулзода және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Өзбекстан басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөздер жүргізіп, Орталық Азия елдері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуіне қатысады.



