Шавкат Мирзиёев жұмыс сапармен Астана қаласына келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана қаласына жұмыс сапармен келді.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.




