Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды
10:51 / 2024-11-26

25 қараша күні өткен Өзбекстан ҰОК-нің Бас Ассамблеясында Президент Шавкат Мирзиёев Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясы өтті. Жиында ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

«Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы қызметіне Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды.

Сондай-ақ, Бас Ассамблея шешімімен ҰОК төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Отабек Умаров, төраға орынбасары қызметіне Шерзод Ташматов, ал комитеттің бас хатшысы қызметіне Ойбек Қосимов сайланды», – делінген хабарламада.

Жиынға Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Президент Әкімшілігінің департамент басшысы Одил Абдурахманов, Спорт министрі Адхам Икрамов, Бас Ассамблея мүшелері, сондай-ақ федерациялар мен ассоциациялардың өкілдері қатысты.