English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев «WBM Romitex» кәсіпорнының қызметімен танысты
23:25 / 2023-08-10

Шавкат Мирзиёев Ромитан ауданындағы «WBM Romitex» кәсіпорнының қызметімен танысты.

Бұл кәсіпорын ауқымы жағынан да, әлеуеті жағынан да үлкен. Жобаның құны 93 миллион доллардан асады. Оның жалпы ауданы 20 гектар, өндірістік алаңы 7 гектар. Ол Түркия мен Германияның озық қондырғылары арқылы жабдықталған. Осылайша жылына 25 мың тонна жіп өндіру қуаты мен 1000 жұмыс орны ашылған.

– Ромитан жағдайында мұндай кәсіпорынның болғаны қуантады. Мемлекет бұған инфрақұрылым, қаражат, мүмкіндіктер жағынан қолдау көрсетті. Ең үлкен нәтиже – мыңдаған қыз-келіншектердің жұмыспен қамтылуы, – деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан Президентінің биылғы 10 қаңтардағы «Мақта-тоқыма кластерлерінің қызметін қолдау, тоқыма және тігін-тоқыма өнеркәсібін түбегейлі реформалау және сектордың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру шаралары туралы» Жарлығы үлкен көмек болды. Атап айтқанда, оларға револьвер кредиттеру арқылы айналым қаражаты бөлініп, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етті.

Жобаның екінші кезеңінде дайын мата өндірісі қарастырылған. Маңыздысы, соның арқасында ауылдық жерлерде 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы өнімнің түрі мен сапасын арттырып, экспортты жолға қою жөнінде тапсырмалар берді.