Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Венгрияның Экономикалық даму министрін қабылдады
19:04 / 2023-04-27

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте өтіп жатқан Халықаралық инвестициялық форум аясында Венгрияның Экономикалық даму министрі Мартон Надты қабылдады.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірінші кезектегі шаралары талқыланды.

Кәсіпкерлер мен өңірлер деңгейінде ынтымақтастықты түбегейлі кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Алдағы айларда тікелей әуе рейстерін жолға қою, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге арналған құрылым шарттарын тез арада келісіп, оның қызметін бастау маңызды екені баса айтылды.

Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік және коммуникация, тиімді қаржы құралдарын құру жөніндегі жобаларды дайындау мен жүзеге асыруды жеделдетуге келісілді.