Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
12:32 / 2025-08-29

Президент Шавкат Мирзиёев «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.

Еліміздің көне тарихынан бүгінге дейінгі ең маңызды оқиғалар, ұлы ғұламалар мен жаһангер бабаларымыздың бейнелері өрнектелген бұл кешен Тәуелсіздіктің нышанына айналған. Оның ең биік тұсындағы «Хумо» құсы мемлекетіміздің елтаңбасын, халқымыздың асыл құндылықтарын бейнелейді.

Мемлекет басшысы осы монументтің Отанымызға, батыр да қайсар, бейбітсүйгіш әрі еңбекқор қаһарман халқымыздың даңқына арналып тұрғызылған ұлы ескерткіш екенін бұған дейін ерекше атап өткен еді.

Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсіміне Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен Сенаты, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті және Ташкент қаласы жұртшылығының өкілдері де қатысты.