Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев: Ташкентті ауасы таза мегаполистердің біріне айналдыру жұмысын жеделдетеміз
14:53 / 2023-07-05

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев 5 шілде күні Ташкент қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуді кандидаттың Ташкент қаласындағы сенімді өкілі Рустам Каланов ашып, Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен Ташкентте халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында орасан зор жұмыстар атқарылғаны, Ташкент ғылым орталығы мен мегаполиске айналып, жан-жақты дамып келе жатқаны атап өтілді.

Содан кейін Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Үміткер алдымен Ташкент қаласын алдағы жеті жылда «көгалдандыру» жоспары туралы айтты.

– Бүгінде Ташкент қаласындағы жасыл желектер 900 гектарды құрайды. Алдағы жеті жылда бұл аумақты 5 есе ұлғайтып, 5 мың гектарға жеткіземіз. Ол үшін қала бойынша жыл сайын кемінде 1 миллион дана сәндік және жеміс ағаштары отырғызылады; Әр махаллада 1000 ағаш көшеті отырғызылады; Яшнабад, Янгихаят, Сергели және Мырза Улугбек аудандарында 4 мың гектар аумақта жасыл және «тематик» саябақтар құрылады.

Сонымен қатар, қала бойынша 100 шақырымдық веложол, 32 саябақ, 30 жасыл аймақ пен даңғылдар салынады, деді Шавкат Мирзиёев.

Жаңа Ташкент аумағында 50 гектар жерге үлкен «Аквапарк» салу жоспарланып отырғаны, бұл мақсатқа 200 миллион доллар бөлінетіні хабарланды.

Кандидат сондай-ақ Жаңа Ташкент аумағында жалпы ауданы 35 гектарды құрайтын жасанды көл құрылып, халықтың мәдени демалуына барлық жағдай жасалатынын айтты.

Ташкент қаласында дизель отынымен жүретін автобустар қызметінен мүлдем бас тартатыны айтылды.

– Ташкент қаласы ауасы таза мегаполистердің біріне айналдырып, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмысын жеделдетеміз. Сондықтан 2030 жылға қарай ауаға таралатын зиянды газдардың көлемін 150 мың тоннаға немесе 50 пайызға азайтамыз. Атап айтқанда, қосымша 1200 электробус әкелініп, олардың қоғамдық көліктегі үлесі 50 пайызға дейін ұлғайтылады.

Қалған автобустар ауаға шығарылатын зиянды қалдықтары үш есе аз табиғи газ отынына ауыстырылады. Яғни, дизельмен жүретін бірде-бір автобус қалмайды, деді кандидат.

Шавкат Мирзиёев сонымен қатар Сергели, Бектемір және Янгихаят аудандарындағы ағынды суларға қатысты экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарлары туралы айтты.

– Соңғы жылдары Сергели, Бектемір, Янгихаят аудандарындағы ағынды суларға байланысты экологиялық жағдай тұрғындардың көптеген заңды қарсылықтарына себеп болуда. Осыны ескере отырып, ағынды суларды тазарту қуаты тәулігіне 1,5 миллион текше метр болатын заманауи жаңа нысан салынады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби даму қоры бұған 240 миллион доллар салуға дайын, деді кандидат. 

Жиында Достық метро станциясынан «Жаңа Ташкентке» дейін жер үсті метро немесе трамвай желісін салу жоспарланып отырғаны айтылды.

Атап айтқанда, жол қозғалысын басқаруды цифрландырудың арқасында «қауіпсіз және тегіс жол» қағидаты кеңінен енгізілді.

Озық шетелдік тәжірибе негізінде кептелісті азайту мақсатында:

- барлық қиылыстарда (605) «ақылды жол қиылысы» және «ақылды бағдаршам» басқару жүйесі енгізіледі (қазір – 64);

- қаланың кірудің 5 орнында және жолаушылар ағыны көп 6 метро станциясының маңында көпқабатты автотұрақтар жасалады;

– Көлік көп жүретін көшелерде 12 жол өтпесі салынып, жол бойында 3000 орындық заманауи паркоматтар орнатылады.

– Халыққа жайлы жағдай жасау мақсатында «Достық» метро станциясынан «Жаңа Ташкентке» дейін 15 шақырымдық 115 мың жолаушы тасымалдау қуатына ие жер үсті метро немесе трамвай желісі тартылады, деді кандидат.

Шавкат Мирзиёев Ташкент сайлаушыларымен кездесуде Швецияда Құранның өртенуіне қатысты пікірін білдірді.

– Сонымен қатар, біз әртүрлі ұлттар мен халықтардың діни құндылықтарына құрметсіздік танытатын радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне түбегейлі қарсымыз. Атап айтқанда, жақында Швецияда жасалған қасиетті Құран Кәрімді өртеу сияқты зұлым әрекеттерді қатаң айыптаймыз.

-Жер бетіндегі миллиондаған адамдардың діні мен асыл сезімдерін қорлайтын мұндай жағдайларға жол беруге болмайды, деді Шавкат Мирзиёев.

Сайлауалды бағдарламада алдағы жеті жылда республикада кітапхана қорын қолдауға, кітап оқуды насихаттауға ерекше көңіл бөлінген. 

– Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған 100 үздік көркем шығарма мен 50 көркем кітап жасауға шығармашылық тапсырыс беріліп, авторларға 100 миллион сум қаламақы төленеді. Бұл кітаптардың 20 мың данасы басылып, мектептер мен кітапханаларға тегін беріледі. Бұған жыл сайын 200 миллиард сум бөлеміз.

Сондай-ақ, алдағы жеті жылда кітапханалардың 40 миллионға жуық кітап қоры толығымен цифрландырылып, олардың бірыңғай каталогы жасалады. Жалпы, еліміздегі барлық кітапханалар 2030 жылға дейін толық жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 500 миллиард сум бөлеміз, деді кандидат.

Мектеп кітапханашыларының еңбекақысын педагогикалық қызметкерлердің жалақысымен теңестіру жоспарланғаны айтылды.

– Біз алдағы жеті жылда мәдениет пен өнер өкілдерінің, мұражай мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысын үш есеге арттырамыз. Бұл ретте мектеп кітапханашыларының жалақысы педагогикалық қызметкерлердің жалақысымен теңеседі.

Сондай-ақ, 2030 жылға дейін мәдениет пен өнер саласының өкілдері, қаламгерлер үшін жаңадан салынған тұрғын үй массивтерінен 10 мың пәтер жеңілдікпен беріледі, – деді кандидат.

Жиында партия өкілдері мен қонақтар сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтындықтарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.

 

З.ЖОНИБЕКОВ,

ӨзА