French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Ташкент облысының сайлаушыларымен кездесті
16:43 / 2023-07-07

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев 7 шілде күні Ташкент облысының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуді кандидаттың Ташкент облысы бойынша сенімді өкілі Сайёра Файзиева ашып, Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен Ташкент облысы жан-жақты дамыту, кәсіпкерлік пен іскерлік ортаны жақсарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыруда қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.

Содан кейін Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Бағдарлама бес стратегиялық мақсатты қамтиды:

Бірінші мақсат – әрбір адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау. Екінші мақсат – адамдарды өмірге риза ету үшін тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Үшінші мақсат – су ресурстарын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау. Төртінші мақсат – заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқаруды халыққа қызмет етуде ұйымдастыру. Бесінші мақсат – Жаңа Өзбекстан, қауіпсіз және бейбіт мемлекет.

Кандидат аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша Ташкент облысына қатысты жоспарларын баяндап берді. Жалпы, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жеті жылдық жеке бағдарлама қабылданып, оған қажетті қаражат бағытталатын болады.

Сайлауалды бағдарламада облыстағы балабақшалар мен мектептердің мәселелерінің шешімін табуға ерекше көңіл бөлінген.

– Алдағы жеті жылда Ташкент облысының барлық аудандарында балабақша мен мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Ол үшін 60 мың орындық 1000-нан астам балабақша құрылады.

Қолданыстағы мектептердің қуаттылығын арттырып, жаңаларын салу арқылы 100 мың оқушы орны ашылады, 35-тен астам бала оқитын сыныптар болмайды (қазіргі уақытта мұндай сыныптардың саны 3000). Өңірдегі 188 мектепке спорт залдары салынады, деді кандидат.

2030 жылға дейін облыстағы 350-ден астам махаллада 4 мың шақырым ішкі жол және 100-ден астам көпір салынып, жөнделетіні белгілі болды.

– 5 мың 100 шақырым электр желісі мен 1 мың 400 трансформатор жаңартылады. Осының арқасында 250 мың үй шаруашылығын электрмен қамту жақсарады. Сонымен қатар, 5200 шақырым ауыз су және 750 шақырым кәріз желілерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде алғаш рет орталықтандырылған желілер арқылы 100 мың шаруашылық ауыз сумен қамтылса, 800 мың тұрғын сумен қамтылады, деді кандидат.

Жиында Бекабад, Хожакент және Ангрен бағыттарын Ташкент қаласымен байланыстыратын электр пойызы іске қосылатыны айтылды.

– Бүгінде Ташкент облысында осыдан 30-40 жыл бұрын әкелінген 4 электр пойызы жүріп жатыр. Сондықтан халқымызды алысын жақын ету, оларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында электр пойыздары толығымен жаңармақ. Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап Бекабад, Хожакент және Ангрен бағыттарын Ташкент қаласымен байланыстыратын 10 электр пойызы іске қосылады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Өңірді электрмен жабдықтауды одан әрі жақсарту жұмыстары да дәйекті түрде жалғасатын болады.

– Өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 миллиард долларға Сауд Арабиясы мен Қытай инвесторларының қатысуымен Қыбрай, Жоғарғы Шыршық және Бөкеде жалпы қуаты 1,7 мың мегаватт болатын 3 күн электр станциясы іске қосылады. Бұл ретте Ангрен жылу электр стансасында 600 мегаватт көмірмен жұмыс істейтін екі энергоблок пен 900 мегаватт су электр стансасы салынады, деді кандидат.

Үміткер Өзбекстандағы құрылыс саласын дамыту жөніндегі жоспарлары туралы да айтып өтті.

– Алдағы жеті жылда елімізде 1 миллион тұрғын үй салудың үлкен белестерін белгіледік. Онда «Жаңа Өзбекстан» массивтерінің саны 100-ге жеткізіліп, 200 мың отбасына қосымша үйлер салынады. Сонымен қатар, 700 мың жеке үй салынады, деді Шавкат Мирзиёев.

Жиында алдағы жеті жылда Ташкент облысында 40 мың пәтерлі әлеуметтік үйлер салынатыны айтылды.

– Өздеріңіз білетіндей, «Менің бірінші үйім» бағдарламасы бойынша Ташкент облысындағы алғашқы үлкен жобаның құрылысын бастап жатырмыз. Неліктен Ташкент облысын таңдадық? Себебі, облыста 24 мың отбасының баспанаға сұранысы бар. Сондай-ақ, жыл сайын 25 мың жаңа отбасы пайда болуда.

«Менің алғашқы үйім» бағдарламасы аясында алдағы жеті жылда Ташкент облысында жалпы саны 40 мың пәтерлік әлеуметтік үйлер салынады. Жалпы, келесі жылдан бастап кемінде 100 мың отбасына арналған осындай әлеуметтік үйлер басқа өңірлерде де бой көтереді, деді кандидат.

Жаңғырту бағдарламалары халықтың келісімімен қолға алынатыны айтылды.

– Бір ғана Ташкент облысындағы 5 мың көпқабатты үйдің жартысы осыдан 50 жыл бұрын салынған. Сондықтан жыл соңына дейін бұл үйлердің қазіргі жағдайы, соның ішінде жер сілкінісіне төзімділігі толық зерттелетін болады. Жалпы, тұрғындармен ақылдаса отырып, олардың келісімімен пайдалану мерзімі өткен массивтерді жаңарту жұмыстарын жүргіземіз. Әрине, бұл күрделі мәселе. Сондықтан жөндеу жұмыстарының берік құқықтық негізі болуы керек. Осы мақсатта жаңғырту бағдарламалары тек халқымыздың келісімімен және жалпы жұртшылықтың пікірімен ғана қабылданады, – деді Шавкат Мирзиёев.

2025 жылға қарай 25 қаланың, 2030 жылға қарай барлық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу толығымен аяқталатыны мәлімденді.

– «Бас жоспарларды» әзірлеу үдерістері тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін ашық әрі айқын болады. Бұл үшін жеке портал іске қосылып, олардың бастамалары мен ұсыныстары міндетті түрде ескерілетін болады. Алдағы жеті жылда бұл мақсаттарға екі триллион сум бөлеміз, деді кандидат.

Жиында партия өкілдері мен қонақтар сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтындықтарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.

З.ЖОНИБЕКОВ,

ӨзА