Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев: Сұрхандария облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 90 пайызға дейін өседі
20:18 / 2023-06-22

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев 22 маусымда Сұрхандария облысының сайлаушыларымен кездесті.

Жиынды кандидаттың Сұрхандария облысынан сенімді өкілі Абдулхаким Эшмуратов ашып, Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен өңірінде атқарылған ауқымды ресформалар, Сұрхандария айқын байқалып, өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейі өсіп, соның есесіне халықтың ертеңгі күнге сенімі артқаны айтылды.

Сонда кейін Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Үміткер алдағы жеті жылда өңірдің білім беру саласын дамыту жөніндегі жоспарларына тоқталды.

Атап айтқанда, Сұрхандария облысында мектепке дейінгі білім беру қажеттілігі 100 пайыз қамтылған. Бұл үшін 2 мың жаңа мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар (қазіргі уақытта 60 пайыз) құрылады.

Заманауи мектептерді салу, олардың қуаттылығын арттыру және жеке секторға жағдай жасау есебінен 2030 жылға қарай қосымша 100 мыңнан астам оқушы орны ашылады.

Сонымен қатар, облыстағы барлық мектептер заманауи компьютерлік сыныптар және интерактивті тақталармен жабдықталады.

Сайлауалды бағдарламада Сұрхандария ауданы тұрғындарының жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.

– Алдағы жеті жылда облыста 1500 көпқабатты үйден 50 мың отбасы жайлы баспанаға ие болады. Бұл үшін 1 миллиард доллар бөлеміз.

Мәселен, «Ангор», «Бойсун», «Жарқорған», «Сариосиё», «Термез» аудандарындағы «Жаңа Өзбекстан» массивтерінде 300 көпқабатты тұрғын үй құрылысы нәтижесінде 12 мың отбасы баспаналы болмақ.

Облыста 2030 жылға дейін 4 мың шақырым ішкі жол жөнделіп, 35 көпір қайта салынады, деді кандидат.

Шавкат Мирзиёев өңірді сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі жоспарлары туралы да хабардар етті.

– Немістің «KFV» банкінен тартылған 100 миллион доллар инвестицияға Термездегі ағынды су жүйесі жөнделеді. Сауд Арабиясының даму қорының көмегімен «Сариосиё», «Денов», «Жарқорғанда» ағынды су жүйелері салынады.

Сұрхандария тұрғындарына ауыз суды «Топалаң» су қоймасынан әкелу үшін үлкен жобаны қолға алғанымызды білесіздер. Бұл жоба келесі жылы толығымен аяқталады. Нәтижесінде облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 90 пайызға дейін жетеді. Жалпы, өңірдегі ауыз су және сарқынды су жобаларына 460 миллион доллар бөлінеді, деді кандидат.

Жиында әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау одан әрі күшейтілетіні айтылды.

Бұл үшін:

- келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкерлердің жалақысы 2030 жылға дейін тағы екі есе өседі;

- жыл соңына дейін біздің әскерилер үшін 2 мыңнан астам үй, ал алдағы жеті жылда тағы 20 мың үй салынады;

- 15 жылдан астам әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге баспанаға бастапқы жарнаның 50%-ын мемлекет бөледі;

- асырушысынан айырылған және мүгедек әскерилердің несиелік қарызы бюджет есебінен жабылады;

- отставкадағы әскери қызметкерлердің балаларына арнайы квота бойынша жоғары оқу орнына түсуге жеңілдіктер беріледі;

- Ауыр сырқатқа шалдыққан жауынгерлерді шетелде емдеуге арнайы қаржы бөлінеді.

Шавкат Мирзиёев өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары балл алған жастардың емтихан шығындарын өтеу керектігін атап өтті.

– Қазіргі таңда шетел тілі пәнінен халықаралық емтихандарда жоғары балл алған жастарға емтихан шығындары өтеледі, өзбек тілі мен әдебиеті пәніне де осындай тәртіп енгізуді ұсынамын. Сондай-ақ өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне 50 пайыздық үстемеақы (қазіргі уақытта – 20 пайыз) енгізсек, әділетті болады», – деді кандидат.

Кездесуде тағы бір маңызды бастама Қажылыққа баратын қажылар үшін бірыңғай онлайн, ашық кезек жүйесін енгізу болатыны айтылды.

– Барлық өңірлерде қажылық орталықтары құрылады. 2030 жылға қарай қажылыққа баратын азаматтардың саны кезеңімен жылына 24 мыңға дейін артады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Ташкент Ислам институтында 2024 жылы магистратура, 2025 жылдан бастап докторантура саласында кадрлар даярлау қолға алынатыны айтылды.

– Күні кеше Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының төрағасы, мәртебелі мүфтидің Катардағы Халықаралық мұсылман ғұламалары кеңесіне мүшелікке өтуі баршамызды қуантты. Бұл өткен кезеңде дін және білім саласында жүргізген реформаларымыздың халықаралық деңгейде мойындалуы, ұлтымыздың ислам дінінің дамуына қосқан үлесіне берілген тағы бір жоғары баға десек, дұрыс болар еді.

Егер екі жылда бір рет Ислам әлемінің кемел ғұламаларының қатысуымен Халықаралық ислам ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіп тұрсақ, не дейсіз, - деді кандидат.

Жиында партия өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтындарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.

 

З.ЖОНИБЕКОВ,

ӨзА