Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев сайлауда дауыс берді
13:25 / 2023-07-09

Өзбекстан Республикасының Президенті, Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Президенттікке кандидат Шавкат Мирзиёев 9 шілде күні Ташкент қаласындағы 59-сайлау учаскесінде болып, сайлауға дауыс берді.

Биылғы 30 сәуірде өткен референдум қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы қабылданғаны белгілі. Онда құқықтық, зайырлы және әлеуметтік ұстанымдар одан әрі нығайып, мемлекеттің осыған байланысты міндеттері артты. Жаңартылған Конституция мемлекеттік биліктің алдына жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық міндеттер қойды.

Сондықтан Мемлекет басшысы халыққа Конституцияның 128-бабына сәйкес кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы мәлімдеді. Бұл бастаманы Олий Мажлис палаталары, саяси партиялар мен қоғам тарапынан қолдау тапты.

Орталық сайлау комиссиясы 4 саяси партияның кандидаттарын тіркеді. 14 сайлау округі мен 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Сайлауға қатысатын барлық кандидаттарға тең және еркін жағдай жасалды.

Президенттік сайлау – еліміздің бүгіні мен болашағына, халқымыздың әл-ауқатына әсер ететін маңызды саяси оқиға. Мұны азаматтар сезініп, сайлауға белсене қатысуда.

Бұл үдерісті 47 мемлекет пен 15 беделді халықаралық ұйымнан барлығы 797 халықаралық бақылаушы тікелей бақылап, бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялауда.