Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Сауд Арабиясына келді
14:45 / 2024-11-11

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 11 қараша күні жұмыс сапарымен Эр-Рияд қаласына келді.

Мемлекет басшысын Король Халид атындағы халықаралық әуежайда Эр-Рияд аймағының басшылығы  – ханзада Мұхаммед бин Абдурахман бин Абдулазиз және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.   

Бүгін Өзбекстан Президенті кезектен тыс Араб-ислам саммитіне қатысады. 

Саммиттің күн тәртібіне сәйкес, Газа және Ливандағы кескілесуді тез арада азайту, дағдарысты саяси және дипломатиялық жолмен шешу мәселелері қаралады.