Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев: Әрбір басшы сандарға жауапты болады
14:03 / 2021-05-12

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен макроэкономикалық жағдай бойынша бірінші жартыжылдықтағы аймақтар мен секторлардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.

Онда екінші ширекте отын-энергетика саласынан сырт, басқа секторларда жалпы құны 95 триллион сумға өнім шығару, бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен 7 пайызға өсуді қамту жөнінде міндет жүктелді.

Жиында Мемлекет басшысы «Худудгазтаминот», «Уздонмахсулот», «Агросервис» және «Агролизинг» компанияларындағы трансформация процесі баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасарлары С.Умурзаков пен Ж.Кучкаровқа екінші тоқсанда 75 трлн сумдық инвестициялар тарту тапсырылды. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар мен несиелер - 1,7 млрд доллар, халықаралық қаржы институттарының қаражаттары - 1,1 млрд доллар, бюджет қаражаты - 8 трлн сум, банк несиелері - 13 трлн сумды құрауы керек.

1 шілдеге дейін іске қосылуы жоспарланған 43 ірі желілер мен 2500 аймақтық жобалардың аяқталуын бақылау жүйесін құру қажет екендігі атап өтіліп, осы жобалардың сәтсіздікке ұшырау қаупі жоғары болған аймақтарда облыс әкімдері уақытында жеке айналысуы керек екендігі айтылды.

М.Камолов, Б.Зарипов, Е.Солиев, Э.Турдимов, Т.Боболов, Х.Бозоров, Д.Хидоятовтарға 1 шілдеге дейін жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құру баяу жүретін 15 ауданда кем дегенде 10 жобаны бастапғ оны жыл соңына дейін іске қосу тапсырмасы берілді.

Осы белгіленген тапсырмалаған байланысты Мемлекет басшысы: - Әрбір басшы көрсетілген сандарға жауапты болады, деді.