Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін елімізге келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы, ең алдымен, өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, көлік, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы маңызды кооперациялық жобаларды жедел жүзеге асыру шаралары талқыланды.

Өңіраралық белсенді байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Президенттер аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.
