Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті
18:36 / 2024-12-30

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 30 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті бір-бірін Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыстардың жоғары деңгейге жеткені және көпқырлы ынтымақтастықтың барлық бағыттарда қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.