Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев 1 желтоқсанда Бүкіләлемдік климат саммиті аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
Осы беделді қаржы институтымен практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу басында Мемлекет басшысы осы жылдың мамыр айында Самарқандта өткен ЕҚҚБ Директорлар кеңесінің отырысының жемісті нәтижелерін жоғары бағалады.
Банктің Өзбекстанға салған инвестициясы 3,5 миллиард еуродан асқаны, жоба портфелінің 60 пайызы жеке секторға тиесілі екені ерекше атап өтілді.
Өзбекстанмен әзірленіп жатқан серіктестік стратегиясы шағын және орта бизнесті, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу, банк секторын жекешелендіру, суару жүйелерін жаңғырту, жол инфрақұрылымын дамытуда ынтымақтастықтың сапасы мен ауқымын айтарлықтай арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.
Республикада жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі жылы өтетін кезекті отырысына дайындық мәселелері де талқыланды.