Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев 21 маусымда Науаи облысының сайлаушыларымен кездесті.
Жиынды Науаи облысынан кандидаттың сенімді өкілі Қуандық Санакулов ашып, кейінгі жылдары Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен өңірінде атқарылған ауқымды ресформалар, ірі әлеуметтік-экономикалық жобалар, олардың халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызына тоқталды.
Сонда кейін Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады.

Үміткердің бағдарламасында бес стратегиялық мақсат қарастырылған:
Бірінші мақсат – әрбір адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау. Екінші мақсат – адамдарды өмірге риза ету үшін тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Үшінші мақсат – су ресурстарын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау. Төртінші мақсат – заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басқаруды халыққа қызмет етуде ұйымдастыру. Бесінші мақсат – жаңа Өзбекстан, қауіпсіз және бейбіт мемлекет.
Кандидат ең алдымен елдің алдағы жеті жылда өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарларына тоқталды.

– Шетелдік әріптестерімізбен бірге жалпы құны 120 миллиард долларды құрайтын мега және ірі жобаларды қолға алдық. Атап айтқанда, еліміздің мақтанышына айналған Науаи тау-кен металлургия комбинатында құны 3 миллиард 800 миллион долларды құрайтын 19 жоба жүзеге асырылмақ. Мәселен, кеше «Пистали кенішінің» бірінші кезегі іске қосылса, екінші кезегі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл жоба жылына қосымша 4,4 тонна алтын өндіруге мүмкіндік береді.
Науаи Уранда құны 550 миллион доллар болатын 11 жобаны жүзеге асыру арқылы уран қоры 67 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.
Жалпы, 2030 жылға дейін мыс өндірісі 3,5 есеге, алтын 1,5 есеге, күміс 3 есеге, уран 3 есеге артады, деді кандидат.

Жиында литий, графит сынды шикізат республикада алғаш рет өндірілетіні айтылды.
– Елімізде алғаш рет бүкіл әлемде сұранысы артып отырған электр көліктері, электротехника, жасыл энергетика салаларына маңызды литий, графит сияқты шикізат өндірісі қолға алынбақ.
Атап айтқанда, Ташкент облысында 8 мың тонна литий, Бұхарада жылына 50 мың тонна графит өндіріледі.
Ахангарандағы мыс, Бекабадта қара металл, Шыршықта ауылшаруашылық техникасын жасау кластерінде құны 10 миллиард долларды құрайтын 46 кәсіпорын құрылады, - деді Шавкат Мирзиёев.
Алдағы жеті жылда 60 мың шаршы шақырым аумақта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 10 триллион сум бөлу жоспарланғаны айтылды.
– Бұл ретте Канада, Франция, Австрия, Жапония, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларынан 2 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартамыз.

Сондай-ақ стратегиялық пайдалы қазбалар кен орындарын жергілікті кәсіпкерлерге беруді кеңейтеміз. Осыған байланысты биыл алтын, күміс, вольфрам, көмір және руда кеніштеріне 500 рұқсат беріледі. Алдағы жылдары бұл жұмыстарды төрт есеге арттырамыз, – деді кандидат.
Шавкат Мирзиёев облыстағы білім саласындағы жоспарлары туралы ақпарат берді.
– Алдағы жеті жылда облыстағы отбасылардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы толық 100 пайызға (қазіргі уақытта қамту 82 пайызды құрап отыр). Осы мақсатта облыстың барлық аудандарында барлығы 310 мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар ашылады. Бұған жалпы 1,5 триллион сум бөлінеді.
Сондай-ақ, 2030 жылға қарай жаңа мектептер салу және қолданыстағы мектептердің қуаттылығын арттыру есебінен қосымша 40 мың оқушы орны ашылады. Нәтижесінде облыста бір сыныпта 30-дан астам бала оқитын мектептер қалмайды (қазір мұндай сыныптар саны 1200). Өңірдегі барлық мектептер заманауи компьютерлік сыныптармен, оқу зертханаларымен қамтамасыз етіледі.
Науаи қаласының климатын ескере отырып, барлық балабақшалар мен мектептер сүзгіден өткен ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі, - деді кандидат.
Шавкат Мирзиёев алдағы жеті жылда халықтың жағдайын жақсарту жоспарымен де таныстырды. Оның ішінде:
- облыста 30 мың отбасына арналған 350 көпқабатты тұрғын үй салынады;
- 45 мың отбасы тұратын 1200 көпқабатты үй жөнделеді;
- Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін жалпы Науаи облысының өзіне 1 миллиард доллар бағытталады;
- 3,5 мың шақырым ішкі жолдар, 60-тан астам көпірлер салынып, жөнделеді;
- 5 мың шақырым ескірген электр желілері мен 1200 трансформатор жаңартылады;
– 1 мың шақырым су желілерін салу нәтижесінде 100 мың тұрғын алғаш рет ауыз сумен қамтылып, сумен қамту деңгейі 85 пайызға жетеді.
Науаидағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында алдағы жеті жылда 120 миллион ағаш отырғызылатыны айтылды.
– Ұлы ғұлама Науаи атамызға деген шексіз құрметіміздің белгісі ретінде облыстағы 5 аудан мен қалада «Хамса» дастандары атындағы бес экосаябақ жасасақ, қалай ойлайсыз, – деді кандидат.
Алдағы жеті жылда Науаиға су шаруашылығын реформалау үшін 2,5 триллион сум бөлінетіні айтылды.
– Су ресурстарын үнемдеу және тиімді пайдалану үшін үлкен реформалар жүргіземіз. Бұл істер өздігінен бола қоймайды, қыруар қаржы керек, бірақ қанша қиын болса да, бар күшімізді, құрал-сайманымызды жұмылдырамыз.
Сумен қамтамасыз ету ең қиын «Қызылтөбе», «Хатыршы» және «Кармана» аудандарында 8 мың гектар жер жабық құбырлы суару жүйесіне ауыстырылады. Бұған 150 миллиард сум бөлінеді. Осының өзі суаруға жұмсалатын 200 миллион текше метр судың 40 пайызын үнемдейді.
Сондай-ақ, Науаи қаласындағы қолданыстағы 150 шақырым каналға бетон төселіп, 125 шақырым су бұру желілері қалпына келтірілмек. Бұл үшін 300 миллиард сум бөлінеді, деді кандидат.
Жиында партия өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтындарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.Учрашувда партия вакиллари сўзга чиқиб, Ўзбекистон Республикаси Президенти сайловида Шавкат Мирзиёев номзодини қўллаб-қувватлашини таъкидлади ва бошқаларни ҳам шунга даъват этди.
З.ЖОНИБЕКОВ, ӨзА