20 маусымда Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының сайлаушыларымен кездесті.
Жиынды Бұхара облысынан кандидаттың өкілі Самойдин Хусенов ашып, кейінгі жылдары Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен Бұхара өңірінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, ірі әлеуметтік-экономикалық жобалар, олардың халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызына тоқталды.
Сонда кейін Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша баяндама жасады. Үміткер алдымен тұрғындарға жайлы өмір сүруге жағдай жасау жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

Атап айтқанда, алдағы жеті жылда:
- 1500-ден астам көпқабатты үйлер салынып, 60 мың отбасы жайлы баспанаға ие болады;
- облыста 7 мың шақырым жол, оның ішінде 3,5 мың шақырым ішкі жол және 300-ден астам көпір жөнделеді;
– 1 миллион 200 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 5 мың шақырым жаңа желі және 84 су шаруашылығы нысаны салынады. Нәтижесінде Бұхара қаласын орталықтандырылған ауыз сумен қамту 77%-дан 95%-ға дейін ұлғайтылады;
– Аудан, қала орталықтарында 1200 шақырым кәріз желілері мен 150 ағынды суларды тазарту қондырғылары салынады. Осы арқылы 600 мыңнан астам тұрғын алғаш рет кәріз қызметіне қосылып, облыстағы қамту деңгейі қазіргі 9 пайыздан 40 пайызға дейін көтеріледі;
– Махаллаларда 10 мың шақырым электр желісі тартылып, 1 мың трансформатор жаңартылады.

Бұқарда тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар айтылды.
– 2030 жылға қарай елді мекендерде 50 жаңа отбасылық емхана мен дәрігерлік пункт салынып, 200-і толық жөндеуден өтеді. Күрделі ота жасауды қажет ететін, туа біткен жүрек ақауы бар 1000-нан астам баланы емдеу мемлекет есебінен қарастырылады. Осы жұмыстарға Бұқараға жылына 30 миллиард сум бөлеміз.
Сондай-ақ Бұхара қаласында Халықаралық халықтық медицина орталығы мен фармацевтикалық кластер құрылады. Ол үшін 50 миллион доллар инвестиция тартамыз, деді кандидат.
Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы инвесторларымен бірлесіп Бұхара облысында 2 жел және 3 күн электр станциясын салу жоспарланып отырғаны айтылды.
– Олар жылына 10 миллиард киловатт сағат немесе облысқа қажетті электр энергиясын екі есе көп электр қуатын өндіреді. Жалпы, алдағы жеті жылда жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын 8 мың өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылып, 120 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – деді Шавкат Мирзиёев.

Кандидат экология мен қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Тағы бір мәселе – қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасауда Бұқара тәжірибесін жасаймыз. Алдағы жеті жылда облыста 15 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жабылып, 6-сы жаңғыртылады. Облысқа қоқыс тасымалдайтын 200 заманауи техника сатып алынып, әр ауданда қоқыс жинайтын бекеттер салынады. Шөлді аймақтарға құм көшуінің алдын алу мақсатында 20 миллион дана сексеуіл және басқа да көшеттер отырғызылады. Жалпы, алғашқылар қатарында Бұхара өңірін «экологиялық таза, қалдықсыз аймаққа» айналдыру үшін үлкен жұмысты қолға алсақ, оны бүкіл облыс халқы қолдайды деп ойлаймын, – деді Шавкат Мирзиёев.
Жиында республикадағы мектеп инфрақұрылымын жақсарту және білім сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы да ақпарат берілді.
– 2030 жылға қарай біз жаңа мектептердің құрылысы мен қолданыстағы қуаттарды ұлғайту есебінен (қазіргі уақытта 5,2 миллион оқушы орын бар) қосымша 2,5 миллион оқушы орнын құруды жоспарлап отырмыз. Биыл «Жылына 500 мың оқушы орын» бағдарламасын бастаймыз. Осы мақсатта біз жаңа мектеп инфрақұрылымын дамыту қорын құрып, оған жыл сайын 1 миллиард доллар бөлетін боламыз.
Осы қор есебінен 170 жаңа мектеп салынып, 3 мың 210 мектеп қайта жөндеуден өтеді. Нәтижесінде қосымша 1 400 000 оқушы орын ашылады, деді үміткер.
Шавкат Мирзиёев жекеменшік білім беруді дамыту бойынша жоспарлары туралы да хабардар етті.
- Жеке мектептерде 1-сыныпқа барған баланың ата-анасына бір жыл бойы мектеп ақысының 450 000 сумы өтеледі. Жеке мектеп ашуға алынған несиенің 14 пайыздан астамы кәсіпкерлерге қайтарылады.

Жекеменшік мектептердегі мұғалімдерге қойылатын талаптар мемлекеттік мектептердегі секілді бірдей болады. Осылайша, мектептерде бір сыныпта 35-тен астам оқушысы бар сыныптар болмайды (қазір мұндай сыныптар саны 37 мың).
Жалпы, жекеменшік мектептердегі 85 мың оқушының санын 2030 жылға қарай кем дегенде 400 мыңға жеткізу үшін барлық жағдайды жасаймыз, деді кандидат.
Жиында тағы бір маңызды бастама айтылды. Яғни, 2030 жылға дейін барлық мектептерге Президенттік мектептердің оқу бағдарламасы мен әдістемесі енгізіледі.
– Атап айтқанда, жоғары сыныпта нақты пәндер мен шет тілдерін тереңдетіп оқыту қолға алынады. Алдағы жеті жылда барлық мектептерге «лингвист» мұғалімдерді әкелеміз. Бұған жыл сайын 200 миллиард сум бөлінеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары да Президенттік мектептердегі оқыту және бағалау әдістеріне бейімделеді, деді кандидат.
Озық технологиялардан хабардар және оқыту мен оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілдерін қолданатын мұғалімдерге қолдау көрсетіледі.
– Енді мұғалімдердің білімін ғана емес, біліктілігі мен қабілетін де бағалайтын біліктілік сертификаттарын беру жүйесі енгізіледі. Біліктілік сертификатын алған мұғалімге 70 пайыздық үстемеақы төленеді (қазіргі уақытта ең жоғары сыйлықақы 40 пайыз). Жалпы, алдағы жеті жылда мұғалімдердің айлық жалақысы екі есеге өседі, – деді Шавкат Мирзиёев.
Үміткер педагогтарды қолдау жөніндегі жоспарлары туралы да айтты. Оның ішінде:

– Мұғалімдердің қажырлы еңбегін лайықты ынталандыру мақсатында алғаш рет олардың көп жылдық еңбек өтілі үшін үстемеақы төлеу жүйесі енгізілмек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің апталық жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа, орта мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 20 сағаттан 18 сағатқа дейін қысқарады.
Бұл арқылы толық штатта жұмыс істемейтін 150 мың мұғалімнің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көтеріледі.
Жыл сайын мұғалімдерге сауықтыру орталықтарында денсаулығын қалпына келтіруге жеңілдікті жолдамалар беріледі. Сондай-ақ жыл сайын 1 мың мұғалім шетелге тағылымдамадан өтуге жіберіледі, – деді Шавкат Мирзиёев.
Жиында партия өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне сайлауда Шавкат Мирзиёев тің кандидатурасын қолдайтындарын баса айтып, өзгелерді де соған шақырды.Учрашувда партия вакиллари сўзга чиқиб, Ўзбекистон Республикаси Президенти сайловида Шавкат Мирзиёев номзодини қўллаб-қувватлашини таъкидлади ва бошқаларни ҳам шунга даъват этди.
З.ЖОНИБЕКОВ, ӨзА