Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Душанбе қаласына келді
11:52 / 2024-04-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Душанбе қаласына мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекет басшысын елорда әуежайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахман қарсы алды.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік тулары көтерілді. Өзбекстан Президентін қарсы алуға Тәжікстан жастары мен шығармашылық қауымының өкілдері де қатысты.

Содан кейін Мемлекет басшысы «Дустий» алаңында болып, Исмаил Сомоний мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, жоғары деңгейдегі келіссөздерде Мемлекет басшылары Өзбекстан-Тәжікстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастық туралы пікір алмасады.

Сапар бағдарламасында екі елдің өнер шеберлерінің концертін бірге тамашалау және «Made in Uzbekistan» өнімдер көрмесімен танысу жоспарланған.

Мемлекеттік сапар аясында қыз-келіншектер форумы, Өзбекстан киносының күндері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен тарихшылар конференциясы, ұлттық тағамдар мен туристік әлеует фестивалі сияқты бірқатар іс-шаралар өтті.

Бұған дейін Ташкент қаласында ректорлар форумы, Душанбеде бизнес-форум өткен болатын.