Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 қыркүйек күні Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Өзбекстанға келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас директоры Цюй Дуньюйді қабылдады.
Кездесу басында Мемлекет басшысы жоғары мәртебелі мейманды Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекші желілік құрылымының басшысы болып қайта сайлануымен құттықтап, қазіргі таңда Самарқандта өтіп жатқан конференцияға қолдау көрсеткені және оның жұмысына жеке өзінің қатысып жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

ФАО Бас директоры Өзбекстан Президентін осы халықаралық конференцияны жаһандық өзекті тақырыпта өткізу бастамасының сәтті жүзеге асуы және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен құттықтады.
Азық-түлік қауіпсіздігіне, соның ішінде өңірлік деңгейде бүгінгі қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Аграрлық сектордың дамуындағы теңгерімсіздік, су ресурстарының тапшылығы, ұзақ және тиімсіз қосылған құн тізбегі, логистикадағы үзілістер және басқа да тұрақты дамудың негізгі қатерлері ретінде анықталды.
Өзбекстан мен ФАО арасындағы 2030 жылға дейінгі жаңа ынтымақтастық бағдарламасы ғылыми зерттеулер мен инновацияларға негізделген ауыл шаруашылығын жаңғыртуды, аграрлық секторды цифрландыруды, қаржылық қолдаудың тиімді құралдарын енгізуді, агроөнеркәсіп-тамақ жүйесін басқарудың тиімді тетіктерін енгізуге келісілді.
